"Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 102-1473 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 22 шiлдедегi № 502-993 қаулысы. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 шiлдеде № 1241 болып тіркелді. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қазандағы № 502-2499 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 26.10.2020 № 502-2499 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 535 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18064 болып тіркелген) сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 102-1473 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1060 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыдағы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заң шығару және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Бектұроваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов

  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 502-993 қаулысына
қосымша

"Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі-егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі-егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) "Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 535 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18064 болып тіркелген) бекітілген "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі-егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.

      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - субсидияның аударылғаны туралы хабарлама, не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойған электрондық құжат нысанында субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар хабарлама жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының порталға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға өтінімді (бұдан әрі - өтінім) беруі болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы өтінімді порталда тіркейді;

      рәсімнің нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушымен өтінімді тіркеу;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ЭЦҚ-ны пайдаланып қол қою жолымен өтінімді қабылданғанын растайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді - 1 (бір) жұмыс күні;

      рәсімнің нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен өтінімді тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінімді қарастырады және субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешім қабылдайды - 1 (бір) сағат;

      рәсімнің нәтижесі - субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешім қабылдау;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оң шешім қабылдаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмасын қалыптастырады - 1 (бір) жұмыс күні;

      рәсімнің нәтижесі - қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмасын қалыптастыру;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп бөлімі көрсетілетін қызметті алушының банк шотына субсидияларды аудару үшін "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмаларын жібереді - 1 (бір) сағат;

      рәсімнің нәтижесі - субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмаларын "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жіберу;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға субсидияның аударылғаны туралы хабарлама, не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан уәжді бас тарту туралы хабарлама ұсынады - 1 (бір) жұмыс күні;

      рәсімнің нәтижесі - субсидияның аударылғаны туралы хабарлама, не мемлекеттік қызметті ұсынудан уәжді бас тарту туралы хабарлама.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп бөлімі.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы өтінімді порталда тіркейді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ЭЦҚ-ны пайдаланып қол қою жолымен өтінімді қабылданғанын растайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді - 1 (бір) жұмыс күні;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінімді қарастырады және субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешім қабылдайды - 1 (бір) сағат;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оң шешім қабылдаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмасын қалыптастырады - 1 (бір) жұмыс күні;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп бөлімі көрсетілетін қызметті алушының банк шотына субсидияларды аудару үшін "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмаларын жібереді - 1 (бір) сағат;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға субсидияның аударылғаны туралы хабарлама, не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан уәжді бас тарту туралы хабарлама ұсынады - 1 (бір) жұмыс күні.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдер реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді (авторландыруды) жүзеге асырады;

      2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - ЭМКҚ) таңдайды, электрондық сұраудың жолдарын толтырады және құжаттар топтамасын бекітеді (болған жағдайда растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі);

      3) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы ЭМКҚ үшін электрондық сұрауды куәландыру;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің электрондық сұрауды өңдеуі (тексеру, тіркеу) - 1 бір жұмыс күні;

      5) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметтерді алу тарихында мемлекеттік қызмет көрсетудің электронды сұрау мәртебесі мен мерзімі туралы хабарландыруларды алуы;

      6) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерін (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылы реттілігінің сипаттамасына сәйкес жүзеге асырады және ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды - 2 (екі) жұмыс күні;

      7) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тарихында мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының алуы.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Басым дақылдар өндіруді
субсидиялау арқылы өсімдік
шаруашылығы өнімінің
шығымдылығы мен сапасын
арттыруды, жанар-жағармай
материалдарының және
көктемгі-егіс пен егін жинау
жұмыстарын жүргізу
үшін қажетті басқа да
тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады