Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 30.03.2021 № А-3/111 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізінде үй-жайлар берілсін.
3. Степногорск қаласы әкімдігінің "Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы № А-2/48 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-140 тіркелген, 2011 жылғы 24 ақпанда "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" газеттерінде жарияланған), "Степногорск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № А-2/48 "Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2013 жылғы 24 маусымдағы № А-6/235 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3770 тіркелген, 2013 жылғы 23 шілдеде "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" газеттерінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі | Е.Баяхметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Степногорск көпбейінді қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, облыстық "Жастар" жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталығы)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Степногорск қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № а-1/9 қаулысына 1 қосымша |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1 | Степногорск қаласы, 3 шағын ауданы, 84, Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі жанындағы "Горняк" Орталық мәдениет сарайы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны ғимаратының жанындағы тақтасы |
2 | Степногорск қаласы, 1 шағын ауданы, аурухана кешені, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Степногорск көпбейінді қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жанындағы тақтасы |
3 | Степногорск қаласы, 9 шағын ауданы, 4, "Степногорск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы инклюзивті білім беретін "Балауса" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы тақтасы |
4 | Степногорск қаласы, 6 шағын ауданы, 13, Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, облыстық "Жастар" жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталығы)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақтасы |
5 | Степногорск қаласы, 1 шағын ауданы, 47, Степногорск қаласының білім бөлімінің жанындағы "Балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы тақтасы |
6 | Степногорск қаласы, 4 шағын ауданы, 47, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы тақтасы |
7 | Степногорск қаласы, Ақсу кенті, Қабылденов көшесі, 3, Степногорск қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі жанындағы "Ақсу кентінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жанындағы тақтасы |
8 | Степногорск қаласы, Ақсу кенті, Нәбиев көшесі, 26, "Ақсу кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақтасы |
9 | Степногорск қаласы, Заводской кенті, Бауыржан Момышұлы көшесі, 15, "Заводской кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақтасы |
10 | Степногорск қаласы, Заводской кенті, Бейбітшілік көшесі, 11а, Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақтасы |
11 | Степногорск қаласы, Шаңтөбе кенті, 1 шағын ауданы, 23, Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі жанындағы "Шаңтөбе кенті "Горняк" Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жанындағы тақтасы |
12 | Степногорск қаласы, Бестөбе кенті, Бейбітшілік көшесі, 492, "Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі жанындағы "Рауан" Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы тақтасы |
13 | Степногорск қаласы, Бестөбе кенті, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 47, Степногорск қаласының білім бөлімінің "Бестөбе кентінің № 2 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақтасы |
14 | Степногорск қаласы, Қарабұлақ ауылы, Сарыарқа көшесі, 24, "Қарабұлақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақтасы |
15 | Степногорск қаласы, Изобильное ауылы, Қазақстанская көшесі, 9, "Степногорск қаласының Изобильный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақтасы |
16 | Степногорск қаласы, Бөгенбай ауылдық округі, Байқоныс ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 1, "Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақтасы |
17 | Степногорск қаласы, Қырық құдық ауылы, Бөгенбай Батыр көшесі, 9, "Степногорск қаласының Қырық құдық әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақтасы |
Степногорск қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № а-1/9 қаулысына 2 қосымша |
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізінде берілетін үй-жайлар
№ | Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізінде берілетін үй-жайлар |
1 | Степногорск қаласы, 6 шағын ауданы, 13, Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, облыстық "Жастар" жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталығы)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының мәжіліс залы |
2 | Степногорск қаласы, 5 шағын ауданы, 1, Степногорск қаласының білім бөлімінің "Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының мәжіліс залы |
3 | Степногорск қаласы, 2 шағын ауданы, 1, Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі жанындағы "Горняк" Орталық мәдениет сарайы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны ғимаратының мәжіліс залы |