Степногорск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № А-2/48 "Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № А-6/235 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 шілдеде № 3770 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № а-1/9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 13.01.2020 № а-1/9 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28 бабының 6 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы" Степногорск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № А-2/48 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-140 болып тіркелген, "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" газеттерінде 2011 жылғы 24 ақпанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.В.Тарасоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласы
әкімінің м.а.
Г.Сәдуақасова

      "КЕЛІСІЛДІ"     

      Степногорск қалалық аумақтық
сайлау комиссияның төрағасы
А.Темірбаев
     

  Степногорск қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 24 маусымдағы
№ А-6/235 қаулысына
қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

№ т/т

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1.

Степногорск қаласы, № 3 шағын аудан, "Степногорск қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Горняк" Орталық мәдениет сарайы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны № 84 ғимаратының жанындағы тақтасы

2.

Степногорск қаласы, № 1 шағын аудан, аурухана кешені, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Степногорск орталық қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жанындағы тақтасы

3.

Степногорск қаласы, № 9 шағын аудан, Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 4 балалар үйі" мемлекеттік мекемесі № 4 ғимаратының жанындағы тақтасы

4.

Степногорск қаласы, № 6 шағын аудан, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Степногорск қаласы, облыстық "Жастар" жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталығы)" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны № 13 ғимаратының жанындағы тақтасы

5.

Степногорск қаласы, № 1 шағын аудан, Степногорск қаласының білім бөлімінің жанындағы "Балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны № 47 ғимаратының жанындағы тақтасы

6.

Степногорск қаласы, № 4 шағын аудан, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны № 47 ғимаратының жанындағы тақтасы

7.

Степногорск қаласы, Ақсу кенті, Қабылденов көшесі, Степногорск қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Ақсу кентінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны № 3 ғимаратының жанындағы тақтасы

8.

Степногорск қаласы, Ақсу кенті, Нәбиев көшесі, "Ақсу кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі № 26 ғимаратының жанындағы тақтасы

9.

Степногорск қаласы, Заводской кенті, Бауыржан Момышұлы көшесі, "Заводской кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі № 15 ғимаратының жанындағы тақтасы

10.

Степногорск қаласы, Заводской кенті, Мир көшесі, "Степногорск қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі № 11а ғимаратының жанындағы тақтасы

11.

Степногорск қаласы, Шаңтөбе кенті, № 1 шағын аудан, "Степногорск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Шаңтөбе кенті "Горняк" Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны № 23 ғимаратының жанындағы тақтасы

12.

Степногорск қаласы, Бестөбе кенті, Мир көшесі, "Степногорск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Рауан" Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны № 492 ғимаратының жанындағы тақтасы

13.

Степногорск қаласы, Бестөбе кенті, Горький көшесі, Степногорск қаласының білім бөлімінің "Бестөбе кентінің № 2 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі № 47 ғимаратының жанындағы тақтасы

14.

Степногорск қаласы, Қарабұлақ селосы, Ленин көшесі, "Қарабұлақ селосы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі № 24 ғимаратының жанындағы тақтасы

15.

Степногорск қаласы, Изобильное ауылы, Казахстанская көшесі, "Степногорск қаласының Изобильный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі № 9 ғимаратының жанындағы тақтасы

16.

Степногорск қаласы, Бөгенбай ауылдық округі, Степногорское ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, "Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі № 1 ғимаратының жанындағы тақтасы

17.

Степногорск қаласы, Қырық құдық ауылы, Бөгенбай Батыр көшесі, "Степногорск қаласы Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі № 9 ғимаратының жанындағы тақтасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады