Степногорск қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № а-1/9 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № А-3/111 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 8411 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Степногорск қаласы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" 2020 жылғы 13 қаңтардағы № а-1/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7648 болып тіркелген, 2020 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы Е. Қ. Дәукеновке жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі Е.Баяхметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады