"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңына сәйкес, Аршалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аршалы ауданы әкімінің "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2020 жылғы 20 ақпандағы № 01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7682 тіркелген, 2020 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Сабировқа жүктелсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Муханбеджанов |