Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 01 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 ақпанда № 7682 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 06 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 19.06.2020 № 06 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс шұғыл отырысының 2020 жылғы 9 ақпандағы № 1 хаттамасының негізінде, Аршалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аршалы ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Сабиров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс - шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Сабировқа жүктелсін.

      4. Осы шешімнің әрекеті 2020 жылдың 9 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Муханбеджанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады