Аршалы ауданы әкімінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 01 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 06 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 маусымда № 7910 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңына сәйкес, Аршалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аршалы ауданы әкімінің "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2020 жылғы 20 ақпандағы № 01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7682 тіркелген, 2020 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Сабировқа жүктелсін.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Муханбеджанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады