Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің 24.11.2021 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2020 жылғы 17 маусымдағы № 01-28-131 ұсынысы негізінде, Полтавка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Атбасар ауданының Полтавка ауылдық округінің Полтавка ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полтавка ауылдық округінің әкімі | Л.Кожахметова |