Шектеу іс-шараларын тоқтату және Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 11 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 желтоқсанда № 25491 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 26 қазандағы № 01-28-366 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округінің Полтавка ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7939 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Полтавка ауылдық округінің әкімі Л.Кожахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады