Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 шілдеде № 7939 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 11 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің 24.11.2021 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2020 жылғы 17 маусымдағы № 01-28-131 ұсынысы негізінде, Полтавка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Атбасар ауданының Полтавка ауылдық округінің Полтавка ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Полтавка ауылдық округінің әкімі Л.Кожахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады