Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы Никольск ауылдық округі әкімінің 29.10.2020 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Бұланды ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 01-23/393 ұсынуы бойынша, Никольск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты, Бұланды ауданы Никольск ауылдық округінің Никольск ауылы аумағында карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Никольск ауылдық округінің әкімі |
П.Кабдин |