"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Никольск ауылдық округінің әкімі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Никольск ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8040 болып тіркелген, 2020 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Никольск ауылдық округінің әкімі |
П.Кабдин |