Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды ауданы Никольск ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 8040 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы Никольск ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 қазандағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы Никольск ауылдық округі әкімінің 29.10.2020 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Бұланды ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 01-23/393 ұсынуы бойынша, Никольск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты, Бұланды ауданы Никольск ауылдық округінің Никольск ауылы аумағында карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Никольск ауылдық
округінің әкімі
П.Кабдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады