Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 24.12.2021 № 108 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 408-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 5 маусымдағы № 122 "Ақтөбе облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3601 тіркелген, 2013 жылғы 11 шілдеде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларында:
23-1 - 23-6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"23-1. Қоғамдық жерлерде(көшелерде, аулалық аумақтарда, саябақтарда және басқа да орындарда) иелері уақытша байлаулы күйінде қалдырған иттер мен мысықтардан басқалары қараусыз болып саналады және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайтын арнайы қызметтермен аулануға жатады.
23-2. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың саны гуманизм принциптерін сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша және ауызша өтініштері бойынша оларды биостерилизациялау және арнайы қызметтер аулау жолымен реттеледі.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша жұмысқа наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтын тұлғалар жіберіледі.
23-3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайтын арнайы қызмет өзімен бірге рұқсат беру құжаттарын алып жүруі тиіс.
23-4. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар (оның ішінде асыл тұқымды) уақытша ұстауға арналған оқшаулағышқа жеткізіліп, онда иттер мен мысықтардың аса қауіпті ауруларының клиникалық белгілерін болдырмау үшін он тәуліктен аспай орналастырады.
23-5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау күндізгі уақытта жүргізіледі.
23-6. Қаңғыбас иттер мен мысықтар адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген жағдайда (агрессиялық мінез-құлық және/немесе құтыру ауруына күдік болғанда) оларды дереу жояды.".
мынадай мазмұндағы 23-7 және 23-8 тармақтармен толықтырылсын:
"23-7. Мойнында қарғыбау жетондары бар асыл тұқымды иттер мен мысықтардың ауланғаны туралы ақпараттар иттер мен мысықтарды аулайтын арнайы қызметтің сайттарында орналастырады.
"23-8. Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою мал көмінділерінде (биотермиялық шұңқырлар) немесе өлекселерді өртеуге арналған пештерде (инсинераторларда) жүзеге асырылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
К. Кенжебаев |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. Калдыгулова |