Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота:
елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бір артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар ауданының әкімі | А. Шериязданов |
Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 396 қаулысына қосымша |
2021 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектері үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 72 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Актобе мунай маш комплект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 111 | 3% | 3 |
2 | "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мұғалжар аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 103 | 3% | 3 |
3 | "Кентавр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 63 | 2% | 1 |
4 | "Мұғалжар аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ембіжылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 53 | 2% | 1 |
5 | "Силикат-А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 51 | 2% | 1 |
6 | "Көктас" акционерлік қоғамы | 52 | 2% | 1 |
7 | "Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 63 | 2% | 1 |
8 | "AltynEx Company" акционерлік қоғамы | 100 | 2% | 2 |
9 | "Вернал Ойл Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 60 | 2% | 1 |
10 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 51 | 2% | 1 |
11 | Жеке медициналық мекеме "Шапағат" ауруханасы" | 84 | 2% | 2 |
12 | "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ембі аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 65 | 2% | 1 |
13 | "Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Коммуналшы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 100 | 2% | 2 |
14 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Күншуақ" бөбекжай – бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 56 | 2% | 1 |
15 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Самал" бөбекжай – бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 52 | 2% | 1 |
16 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№1 Ембі қалалық жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 119 | 3% | 4 |
17 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарлығаш" бөбекжай –бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 54 | 2% | 1 |
18 | "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мұғалжар аудандық ветеринариялық стансасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 74 | 2% | 1 |
19 | "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 54 | 2% | 1 |
20 | "Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мұғалжар аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 83 | 2% | 2 |