2021 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 396 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 желтоқсанда № 7835 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота:

      елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бір артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданының әкімі А. Шериязданов

  Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 396 қаулысына қосымша

2021 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектері үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 72 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Актобе мунай маш комплект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

111

3%

3

2

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мұғалжар аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

103

3%

3

3

"Кентавр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

63

2%

1

4

"Мұғалжар аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ембіжылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

53

2%

1

5

"Силикат-А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

51

2%

1

6

"Көктас" акционерлік қоғамы

52

2%

1

7

"Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

63

2%

1

8

"AltynEx Company" акционерлік қоғамы

100

2%

2

9

"Вернал Ойл Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

60

2%

1

10

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

51

2%

1

11

Жеке медициналық мекеме "Шапағат" ауруханасы"

84

2%

2

12

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ембі аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

65

2%

1

13

"Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Коммуналшы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

100

2%

2

14

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Күншуақ" бөбекжай – бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

56

2%

1

15

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Самал" бөбекжай – бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

52

2%

1

16

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№1 Ембі қалалық жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

119

3%

4

17

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарлығаш" бөбекжай –бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

54

2%

1

18

"Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мұғалжар аудандық ветеринариялық стансасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

74

2%

1

19

"Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

54

2%

1

20

"Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мұғалжар аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

83

2%

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады