Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 396 "2021 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 72 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 18 наурызда № 8146 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 болып тіркелген бұйрығына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 396 "2021 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7835 тіркелген, 2020 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданының әкімі А. Шериязданов

  Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 72 қаулысына қосымша
  Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 396 қаулысына қосымша

2021 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектері үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Актобе мунай маш комплект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

111

3%

3

2

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мұғалжар аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

103

3%

3

3

"Кентавр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

63

2%

1

4

"Мұғалжар аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ембіжылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

53

2%

1

5

"Силикат-А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

51

2%

1

6

"Көктас" акционерлік қоғамы

52

2%

1

7

"Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

63

2%

1

8

"AltynEx Company" акционерлік қоғамы

100

2%

2

9

"Вернал Ойл Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

60

2%

1

10

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

51

2%

1

11

Жеке медициналық мекеме "Шапағат" ауруханасы"

84

2%

2

12

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ембі аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

65

2%

1

13

"Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Коммуналшы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

100

2%

2

14

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Күншуақ" бөбекжай – бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

56

2%

1

15

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Самал" бөбекжай – бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

52

2%

1

16

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№1 Ембі қалалық жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

119

3%

4

17

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарлығаш" бөбекжай –бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

54

2%

1

18

"Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мұғалжар аудандық ветеринариялық стансасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

74

2%

1

19

"Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

54

2%

1

20

"Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мұғалжар аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

83

2%

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады