Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3 тармағымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ойыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Ойыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ойыл аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
С. Нурбаев |
Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы |
Е. Жиеналин |
2020 жылғы 13 наурыздағы № 381 Ойыл аудандық мәслихатының шешіміне қосымша |
Ойыл аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1. Ойыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 27 "Ойыл ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4973 тіркелген, 2016 жылғы 14 шілдеде "Ойыл" газетінде жарияланған) шешімі;
2. Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 161 "Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 7 маусымдағы № 27 "Ойыл ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-11-119 тіркелген, 2018 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;
3. Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 180 "Ойыл ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-11-127 тіркелген, 2018 жылғы 26 сәуірде "Ойыл" газетінде жарияланған) шешімі.