Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 7 маусымдағы № 27 "Ойыл ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 161 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2018 жылдың 30 наурызында № 3-11-119 болып тіркелді. Күші жойылды- Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 381 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды- Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 13.03.2020 № 381 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509, 704 баптарына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ойыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 27 "Ойыл ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4973 тіркелген, 2016 жылғы 14 шілдедегі "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген мемлекеттік тілдегі шешімнің тақырыбы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ойыл ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы";

      шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 444 бабының 1 тармағына" сөздері "Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, 704 бабының 3 тармағына" сөздерімен ауыстырылсын;

      көрсетілген мемлекеттік тілдегі шешімнің 1 тармағы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ойыл ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшермелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге арттырылсын.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы:
Е. Жиеналин
      Аудандық мәслихат
хатшысы:
Б. Бисекенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады