Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 490 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 479 "Ақтөбе облысының Алға, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар және Шалқар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6570 болып тіркелген бірлескен қаулысы және шешімі негізінде, Бершүгір ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Біршоғыр ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 3 қазақ тіліндегі "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-112 болып тіркелген, 2009 жылдың 17 маусымда "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "Біршоғыр" сөзі "Бершүгір" сөзімен ауыстырылсын;
3 тармақ мынандай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) "Қарабұлақ" көшесі.";
4 тармақ алып тасталынсын.
2. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бершүгір аулыдық округінің әкімі | А. Жұбаназар |