Біршоғыр ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 3 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 9 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 ақпанда № 6834 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 490 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 479 "Ақтөбе облысының Алға, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар және Шалқар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6570 болып тіркелген бірлескен қаулысы және шешімі негізінде, Бершүгір ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Біршоғыр ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 3 қазақ тіліндегі "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-112 болып тіркелген, 2009 жылдың 17 маусымда "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "Біршоғыр" сөзі "Бершүгір" сөзімен ауыстырылсын;

      3 тармақ мынандай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) "Қарабұлақ" көшесі.";

      4 тармақ алып тасталынсын.

      2. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бершүгір аулыдық округінің әкімі А. Жұбаназар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады