Көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 18 мамырдағы N 3 шешімі. Ақтөбе облысының Шалқар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 5 маусымда N 3-13-112 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің 05.01.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің 24.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "Біршоғыр" сөзі "Бершүгір" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің 27.02.2020 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және Бершүгір ауылдық округі Бершүгір ауылы халқының пікірін ескере отырып, Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің 05.01.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Бершүгір ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Бершүгір стансасы көшелеріне төмендегідей атау берілсін.

      1) Алексей Петрович Тихонов атындағы көше.

      2) Өмірзақ Игісінұлы Отарбаев атындағы көше.

      3) Зәру Әбенқызы Машанова атындағы көше.

      4) Ілияс Жетпісбаев атындағы көше.

      5) "Шығыс" мөлтек ауданы.

      6) "Боқтыбай" мөлтек ауданы.

      7) "Бершүгір" көшесі.

      8) "Ынтымақ" мөлтек ауданы.

      9) Ақтан Баба көшесі.

      10) Таразы Қаленқызы атындағы көше.

      11) Нәжімадин Табулдинов атындағы көше.

      12) "Достық" көшесі.

      13) "Самал" мөлтек ауданы.

      2. Бершүгір ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Алабас елді мекені көшелеріне төмендегідей атау берілсін.

      1) Тотан ата көшесі.

      2) "Бірлік" көшесі.

      3) "Бейбітшілік" көшесі.

      4) "Қазақстан" көшесі.

      3. Бершүгір ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Сарысай елді мекені көшелеріне төмендегідей атау берілсін.

      1) "Республика" көшесі

      2) "Конституция" көшесі

      3) "Тәуелсіздік" көшесі

      4) "Желтоқсан " көшесі.

      5) "Қарабұлақ" көшесі.

      Ескерту. 3 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің 27.02.2020 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. алынып тасталды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің 27.02.2020 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бершүгір ауылдық округінің әкімі: Т. Назаров.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады