Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 11 қыркүйекте № 5641 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес, Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда – Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 10.11.2022 № 39-132 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда – Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 10.11.2022 № 39-132 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2-1. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес, Ескелді ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      Ескерту. Шешім 2-1 тармақпен толықтырылды – Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 10.11.2022 № 39-132 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Ескелді аудандық мәслихатының "Ескелді ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 2-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3830 тіркелген, 2016 жылдың 02 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді аудандық мәслихатының "Экономика, қаржы, бюджет және заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы С. Жолдыбаев
      Ескелді ауданы маслихатының хатшысы К. Алпысбаев

  Ескелді аудандық мәслихатының2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387 шешіміне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 10.11.2022 № 39-132 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Алаң, Қарабұлақ ауылы, М. Әуезов көшесі, 33а.

      2. Алаң, Қарабұлақ ауылы, Балпық би көшесі, №55.

      3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қарабұлақ ауылы, Даиров және Оразбеков көшелерінің қиылысынан Даиров көшесінің бойымен, Даиров және Сырғабаев көшелерінің қиылысына дейін.


 
  Ескелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387 шешіміне 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 10.11.2022 № 39-132 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) алаң, Қарабұлақ ауылы, М. Әуезов көшесі, 33а, шекті толу нормасы 300 адам;

      2) алаң, Қарабұлақ ауылы, Балпық би көшесі, №55, шекті толу нормасы 100 адам;

      3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қарабұлақ ауылы, Даиров және Оразбеков көшелерінің қиылысынан Даиров көшесінің бойымен, Даиров және Сырғабаев көшелерінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 250 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Ескелді ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.


  Ескелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387 шешіміне 3 қосымша

      Ескерту. Шешім 3-қосымшамен толықтырылды – Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 10.11.2022 № 39-132 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескелді ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескелді ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 800 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді – Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 12.03.2024 № 21-66 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Ескельдинском районе

Решение Ескельдинского районного маслихата Алматинской области от 27 августа 2020 года № 68-387. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 11 сентября 2020 года № 5641.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 1), 2) пункта 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее - Закон), Ескельдинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Ескельдинском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения Ескельдинского районного маслихата области Жетісу от 10.11.2022 № 39-132 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Определить порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Ескельдинском районе согласно приложению 2 к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 2 в редакции решения Ескельдинского районного маслихата области Жетісу от 10.11.2022 № 39-132 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2-1. Определить границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Ескельдинском районе согласно приложению 3 к настоящему решению.

      Сноска. Решение дополнено пунктом 2-1 решением Ескельдинского районного маслихата области Жетісу от 10.11.2022 № 39-132 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Признать утратившим силу решения Ескельдинского районного маслихата "О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Ескельдинском районе" от 13 апреля 2016 года № 2-9 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3830, опубликован 02 июня 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Ескельдинского районного маслихата "По вопросам экономики, финансов, бюджету и соблюдения законности".

      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ескельдинского районного маслихата С. Жолдыбаев
      Секретарь Ескельдинского районного маслихата К. Алпысбаев

  Приложение 1 к решению Ескельдинского районного маслихата от 27 августа 2020 года № 68-387

      Сноска. Приложение 1 в редакции решения Ескельдинского районного маслихата области Жетісу от 10.11.2022 № 39-132 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Ескельдинском районе

      Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Ескельдинском районе:

      1. Площадь, село Карабулак, улица М.Ауэзова, 33а.

      2. Площадь, село Карабулак, улица Балпық би, 55.

      3. Маршрут следования для проведения мирных собраний: село Карабулак, от пересечения улиц Даирова и Оразбекова по улице Даирова, до пересечения улиц Даирова и Сыргабаева.


 
  Приложение 2 к решению Ескельдинского районного маслихата от 27 августа 2020 года № 68-387

      Сноска. Приложение 2 в редакции решения Ескельдинского районного маслихата области Жетісу от 10.11.2022 № 39-132 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Ескельдинском районе

      1. Настоящий порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Ескельдинском районе разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее - Закон).

      2. Специализированные места используются с соблюдением санитарных норм и правил пожарной безопасности. Допускается проведение мирных собраний в случае отсутствия информации о проведении в специализированных местах других запланированных официальных, культурных, зрелищных культурно-массовых, физкультурно-оздоровительных, спортивных и иных мероприятий, осуществлении строительно-монтажных работ.

      3. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний, если Законом и иными законами Республики Казахстан не установлено иное.

      4. Нормы предельной заполняемости специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Ескельдинском районе:

      1) площадь, село Карабулак, улица М.Ауэзова, 33а, норма предельной заполняемости 300 человек;

      2) площадь, село Карабулак, улица Балпық би, 55, норма предельной заполняемости 100 человек;

      3) маршрут следования для проведения мирных собраний: село Карабулак, от пересечения улиц Даирова и Оразбекова по улице Даирова, до пересечения улиц Даирова и Сыргабаева, норма предельной заполняемости 250 человек.

      5. Не допускается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний без согласования местного исполнительного органа.

      6. В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      7. Минимальное допустимое расстояние между лицами, принимающими участие в мирном собрании, кроме пикетирования, составляет не менее двух метров, в целях сохранения социальной дистанции.

      8. Минимальное допустимое расстояние между лицами, осуществляющими пикетирование, проводимое одним участником, составляет не менее 100 метров.

      9. Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени Ескельдинского района в день проведения мирных собраний.


  Приложение 3 к решению Ескельдинского районного маслихата от 27 августа 2020 года № 68-387

      Сноска. Решение дополнено приложением 3 решением Ескельдинского районного маслихата области Жетісу от 10.11.2022 № 39-132 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Границы прилегающих территорий, в которых не допускается проведение пикетирования в Ескельдинском районе

      На территории Ескельдинского района не допускается проведение пикетирования ближе 800 метров от границы прилегающих территорий:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.

      Сноска. Приложением 3 с изменением решения Ескельдинского районного маслихата области Жетісу от 12.03.2024 № 21-66 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).