"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаратал ауданы әкімдігінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы" 2010 жылғы 14 қаңтардағы № 2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-12-140 тіркелген, 2010 жылдың 18 қаңтарында "Қаратал" газетіне жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Қаратал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қаратал ауданы әкімі аппаратына осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Қ.Қасымовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратал аудан әкімі | К. Булдыбаев |