Қаратал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 қаңтардағы № 2 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 қарашадағы № 308 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 13 қарашада № 5749 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаратал ауданы әкімдігінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы" 2010 жылғы 14 қаңтардағы № 2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-12-140 тіркелген, 2010 жылдың 18 қаңтарында "Қаратал" газетіне жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Қаратал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қаратал ауданы әкімі аппаратына осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Қ.Қасымовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаратал аудан әкімі К. Булдыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады