Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 11.11.2020 № 308 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес Қаратал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тұрғын үй - коммуналдық қызметтер бойынша жеңілдіктер: жылу, суық және ыстық сумен, газбен, электр қуатымен жабдықтау, қоқыс шығару сияқты - тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге белгіленген нормалар шегінде (есеп бойынша: айына электр қуаты 45 квт, айына 1 газ балонның құны, ал орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ үйлерде 1 тонна көмірдің құны 7000 теңге мөлшерінде жылына 1 рет) төленуі қамтамасыз етілсін.
2. Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе мүгедек тұрғын үйдің не болмаса пәтердің иесі, яки оларды жалдаушы болуына қарамастан төленсін.
3. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер алу үшін, қатысушы немесе мүгедек "Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (С.Амандосов) қосымша жеңілдіктер бойынша соманы аударуға, жеке шотының нөмірін көрсете отырып, өтініш жазады. Өтінішіне қосымша жеке куәлігінің көшірмесі, Ұлы Отан соғысына қатысқаны немесе мүгедектігі туралы куәлігі, тұрғылықты жерінен анықтама тапсырылады.
4. "Қаратал аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Мәдібеков) тұрғын үй - коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер төлеуді қаржыландыруды белгіленген нормалар шегіне сәйкес бөліну мәселесін шешсін.
5. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 29 қаңтарындағы 2-12-100 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 13 ақпанындағы N 7 "Қаратал" газетінде жарияланған, Қаратал ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 5 қаңтарындағы N 3 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, осы азаматтарға теңестірілгендердің материалдық – тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысының орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Байтаеваға жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Қ. Медеуов |