"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына сәйкес, сонымен қатар ақша қаражатының көлеңкелі айналымын болдырмау және салықтар мен міндетті төлемдер түріндегі ақша қаражаттарының түсімін ұлғайту, жолаушылар тарапынан қалалық қоғамдық көлігінде қолма-қол ақшасыз жолақысын төлеу әдісінің тартымдылығын арттыру мақсатында, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:
жол ақысын электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде барлық жолаушылар үшін – 85 (сексен бес) теңге, мектеп оқушыларына (1-11 сынып) – 40 (қырық) теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде барлық жолаушылар үшін – 130 (жүз отыз) теңге, мектеп оқушыларына (1-11 сынып) – 65 (алпыс бес) теңге;
Ескерту. 1 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 20.04.2021 № 1547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. "Тарифті белгілеу туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 469 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3474 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 30 маусымында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қ. Сарытайға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тараз қаласының әкімі | А. Карабалаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Тараз қалалық
мәслихатының хатшысы
_________ Б. Күлекеев
"____" ________ 2020 жыл