"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына және "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 шілдедегі №2107 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4685 болып тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылдың 20 шілдесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
мына:
"жол ақысын электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде барлық жолаушылар үшін – 65 (алпыс бес) теңге, мектеп оқушыларына (1-11 сынып) – 30 (отыз) теңге;"
деген жолдар тиісінше жаңа редакция жазылсын:
"жол ақысын электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде барлық жолаушылар үшін – 85 (сексен бес) теңге, мектеп оқушыларына (1-11 сынып) – 40 (қырық) теңге;".
2. "Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары А.Есеналиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тараз қаласының әкімі | Е. Жилкибаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Тараз қалалық
мәслихатының хатшысы
_________ Б.Күлекеев
"____" ________ 2021 жыл