Т.Рысқұлов ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 59-5 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 4749 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы № 18-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 26.03.2024 № 18-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Т.Рысқұлов ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматттарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының экономика, қаржы, бюджет және өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Тұрар Рысқұлов аудандық
      мәслихаттың сессия төрағасы К. Мадалиев
      Тұрар Рысқұлов аудандық
      мәслихат хатшысы Т. Джаманбаев

  Т.Рысқұлов аудандық
мәслихатының 2020 жылғы "07"
қыркүйектегі №59-5
шешіміне 1-қосымша

Т.Рысқұлов ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Т.Рысқұлов ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары (әрi қарай - Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Қағидаларда келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      - коммуналдық көрсетілетін қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, қоқыс әкетуді қамтитын қызметтер;

      - қызмет көрсетуші – коммуналдық қызметтерді көрсетумен айналысатын заңды немесе жеке тұлға;

      - өтiнiш иесi (жеке тұлға) – жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген тұлға;

      - уәкiлеттi орган – "Т.Рысқұлов ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

      3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Т.Рысқұлов ауданында тұратын Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      - кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды; 

      - коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      - мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге көрсетіледі.

      4. Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.

      5. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп- ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Отбасының (азаматтың) шектi ұйғарынды шығындардың үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.

      6. Тұрғын көмегін алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №226 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібіне сәйкес анықталады.

      7. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына,тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеу жалпы негіздерде жүргізіледі.

      Тұрғын үй көмегiн көрсетуге өтiнiш қабылдау ағымдағы тоқсанның iшiнде жүргiзiледi және өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанға тағайындалады.

      8. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

      Мүгедектерді, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарды, үш жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарды бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыз тұлғаларды, жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін адамдары бар аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері

      9. "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 Қаулысына сәйкес өтініштерді қабылдау жүзеге асырылады.

      10. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына, тұрғын үй - жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан аса алмайды.

      11. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күн iшiнде қандай да болсын тұрғын үй меншiгi нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендерi туралы және тұрғын үй көмегi мөлшерiне әсер ететiн басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегiн дұрыс емес есептеген жағдайда уәкiлеттi органға хабарлайды.

      12. Тұрғын үй көмегiнiң заңсыз алынған сомалары алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.

      13. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:

      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары:

      - жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бiрақ бір бөлмелі пәтердің мөлшерінен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      - екi және одан да көп адамнан тұратын отбасының әрбір мүшесiне - 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      2) электр қуатын пайдалану нормалары (айына):

      - 1 адамға -80 киловатт;

      - 2 адамға -160 киловатт;

      - 3 адамға -240 киловатт;

      - 4 және одан да көп адамға – 300 киловатт;

      Коммуналдық қызмет тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополисттiк қызметтi) реттеу бойынша аумақтық уәкiлеттi орган қолданатын, көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды) бекiткен кездегi коммуналдық қызметтердi босату нормаларына баламалы.

      Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен, газбен, электрмен жабдықтауды және қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

      14. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.

2. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi

      15. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, тұрғын үй-жайды падаланғаны үшін жалға алу төлемақысын өтеу өтемақы сомалары уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

3. Қорытынды ережелер

      16. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

  Т.Рысқұлов аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
"07" қыркүйектегі №59-5
шешіміне 2-қосымша

Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Т.Рысқұлов ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 10-6 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1911 болып тіркелген, "Құлан таңы" газетінің 2013 жылғы 16 сәуірде жарияланған).

      2. "Т.Рысқұлов ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы №10-6 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қазандағы №10-8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2030 болып тіркелген, "Құлан таңы" газетінің 2013 жылғы 29 қазанда жарияланған).

      3. "Т.Рысқұлов ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы №10-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 23-10 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2187 болып тіркелген, "Құлан таңы" газетінің 2014 жылғы 04 мамырда жарияланған).

Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) района Т.Рыскулова

Решение маслихата района Т. Рыскулова Жамбылской области от 7 сентября 2020 года № 59-5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 24 сентября 2020 года № 4749. Утратило силу решением маслихата района Т. Рыскулова Жамбылской области от 26.03.2024 № 18-5

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Т. Рыскулова Жамбылской области от 26.03.2024 № 18-5 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года №2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" маслихат района Т.Рыскулова РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по району Т.Рыскулова согласно приложению 1.

      2. Признать утратившим силу некоторые решения маслихата района Т.Рыскулова согласно приложению 2.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию маслихата района Т.Рыскулова по развитию местного самоуправления, экономике, финансов и бюджета.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии маслихата
      района Турара Рыскулова К. Мадалиев
      Секретарь маслихата района
      Турара Рыскулова Т. Джаманбаев

  Приложение 1 к решению
маслихата района Т.Рыскулова
от "07" сентября 2020 года
№59-5

Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) района Т.Рыскулова

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) района Т.Рыскулова (далее - Правила) разработан в соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года №2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи".

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      - коммунальные услуги – услуги, предоставляемые потребителю, включающие водоснабжение, газоснабжение, электроснабжение, мусороудаление для обеспечения безопасных и комфортных условий проживания (пребывания);

      - услугодатель – юридическое или физическое лицо, занимающееся предоставлением коммунальных услуг;

      - заявитель (физическое лицо) – лицо, обратившееся от себя лично или от имени семьи за назначением жилищной помощи;

      - уполномоченный орган – коммунальное государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ акимата района Т.Рыскулова".

      3. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным проживающим и постоянно проживающим в жилище из государственного жилищного фонда и нанимателям (поднанимателям) жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, как единственное жилище на территории Республики Казахстан, постоянно проживающим в районе Т.Рыскулова:

      - расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      - потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      - расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      4. Жилищная помощь оказывается по предъявленным счетам поставщиков услуг за квартал, предшествовавший кварталу обращения.

      5. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.

      Доля предельно-допустимых расходов семьи (гражданина) устанавливается к совокупному доходу семьи (гражданина) в размере 5 процентов.

      6. Порядок исчисления совокупного дохода семьи претендующей на получение жилищной помощи, определяется согласно порядка исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан) претендующей на получение жилищной помощи утвержденный приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года №226 "Об утверждении Порядка исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи".

      7. Оплата расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем сверх установленной нормы производится на общих основаниях.

      Прием заявлений на оказание жилищной помощи производится в течение текущего квартала и назначается за предшествовавший кварталу обращения.

      8. Жилищная помощь не назначается малообеспеченным семьям (гражданам) имеющим в частной собственности более одной единицы жилья (дома, квартиры) или сдающим жилые помещения в наем.

      Жилищная помощь не назначается малообеспеченным семьям (гражданам) имеющим трудоспособных лиц, которые не работают, не зарегистрированы в уполномоченных органах по вопросам занятости, за исключением лиц инвалидам, учащимся, студентам, слушателям, курсантам и магистрантам очной формы обучения, лицам, имеющим заболевания, при которых может устанавливаться срок временной нетрудоспособности более двух месяцев, лицам, осуществляющих уход за ребенком до трех лет, ребенком-инвалидом, инвалидами первой и второй групп, престарелыми старше восьмидесяти лет, которые нуждаются в постороннем уходе и помощи;

2. Размер и порядок оказания жилищной помощи

      9. Прием заявления осуществляется согласно Постановлению Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года №2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи".

      10. Размер жилищной помощи не может превышать сумму фактических расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем.

      11. Получатели жилищной помощи в течение десяти дней информируют уполномоченный орган о любых изменениях формы собственности жилья, состава семьи, совокупного дохода и других факторах, влияющих на размер жилищной помощи, а также о случаях неверного начисления жилищной помощи.

      12. Незаконно полученные суммы жилищной помощи подлежат возврату получателем в добровольном порядке, а в случае отказа – в судебном порядке.

      13. При назначении жилищной помощи учитываются следующие нормы площади жилья и потребления коммунальных услуг, обеспечиваемые компенсационными мерами:

      1) нормы площади жилья, обеспечиваемые компенсационными мерами:

      - для одиноких граждан – 30 квадратных метров, но не менее размера однокомнатной квартиры и не более размера фактически занимаемой площади;

      - для семьи из двух и более человек – 18 квадратных метров на каждого члена семьи, но не более фактически занимаемой площади;

      2) нормы потребления электроэнергии на 1 месяц:

      - на 1 человека – 80 киловатт;

      - на 2 человека – 160 киловатт;

      - на 3 человека - 240 киловатт;

      - от 4 и более человек – 300 киловатт.

      Нормы потребления коммунальных услуг эквивалентны нормам отпуска коммунальных услуг, применяемых территориальным уполномоченным органом по регулированию естественных монополий (монополистической деятельности), при утверждении ими тарифов (цен) на оказываемые услуги.

      Нормы расходов и их тарифы водоснабжение, газоснабжение, электроснабжение, вывозу мусора предоставляются поставщиками услуг.

      14. Компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденными Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".

3. Порядок выплаты жилищной помощи

      15. Выплата сумм, начисленных на оплату расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня.

4. Заключительные положения

      16. Отношения, не урегулированные настоящими Правилами регулируются в соответствии с действующим законодательством.

  Приложение 2 к решению
маслихата района Т.Рыскулова
от "07" сентября 2020 года
№59-5

Перечень утративших силу некоторых решений маслихата района Т.Рыскулова

      1. Решение маслихата района Т.Рыскулова от 29 марта 2013 года №10-6 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Т.Рыскуловскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №1911, опубликовано в газете "Құлан таңы" 16 апреля 2013 года).

      2. Решение маслихата района Т.Рыскулова от 10 октября 2013 года №10-8 "О внесении изменений и дополнений в решение маслихата района Т.Рыскулова от 29 марта 2013 года №10-6 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Т.Рыскуловскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №2030, опубликовано в газете "Құлан таңы" 29 октября 2013 года).

      3. Решение маслихата района Т.Рыскулова от 28 марта 2014 года № 23-10 "О внесении изменений в решение Т.Рыскуловского районного маслихата от 29 марта 2013 года № 10-6 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Т.Рыскуловскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №2187, опубликовано в газете "Құлан таңы" 04 мая 2014 года).