Т. Рысқұлов ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы" Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 10-6 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы мәслихатының 2013 жылғы 10 қазандағы № 10-8 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 24 қазанда № 2030 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы мәслихатының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 59-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы мәслихатының 07.09.2020 № 59-5 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Т.Рысқұлов ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 10-6(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1911 болып тіркелген, 2013 жылғы 16 сәуіріндегі № 32-33 "Құлан таңы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      - Мемлекеттік тілдегі шешім тақырыбы, мәтініндегі "табысы аз отбасылары" деген сөздер "аз қамтылған отбасылары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      - Орыс тіліндегі шешімінің тақырыбы, мәтініндегі "малообеспеченным семьям" деген сөздер өзгеріссіз қалсын.

      Аталған шешімнің қосымшасындағы 4 тармағы келесі мазмұндағы 4-1 тармағымен толықтырылсын:

      "4-1 Т.Рысқұлов ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге жеткiзушi ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Б. Жантақбаев Б. Шамаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады