Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 30.03.2021 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27 баптарына сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 124 (нормативтік құқықтық актілерді мемлкеттік тіркеу тізілімінде № 4253 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 02 тамызда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Сарысу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Имашев Ерлан Оспанбекұлына жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан Әкімі | Қ. Мәдібек |
Сарысу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпаны № 26 қаулыға қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 17.09.2020 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Ұйымның атауы | Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы) | Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде бөлінген квота саны (адам) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | "Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Абылайхан атындағы мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 96 | 2 % | 2 |
2 | "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық ауруханасының емхана бөлімшесі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 99 | 2 % | 2 |
3 | алынып тасталды- Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 17.09.2020 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. | |||
4 | алынып тасталды- Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 17.09.2020 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. | |||
5 | алынып тасталды- Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 17.09.2020 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. | |||
6 | "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Жаңатас көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 83 | 2 % | 1 |
7 | "Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімі аппаратының "Айгөлек" бөбекжай бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 79 | 2 % | 1 |