Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 124 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 мамырда № 4253 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 26 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 03.02.2020 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27 баптарына сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Сарысу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 200 (нормативтік құқықтық актілерді мемлкеттік тіркеу тізілімінде № 3598 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 04 желтоқсанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 200 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 95 (нормативтік құқықтық актілерді мемлкеттік тіркеу тізілімінде № 3816 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 30 мамырда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Омарбек Берген Жақатайұлына жүктелсін.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Мәдібек

  Сарысу ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "_____" _________
№ ______ қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі

Ұйымның атауы

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы)

Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде бөлінген квота саны (адам)

1

2

3

4

5

1

"Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Абылайхан атындағы мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

101

3%

3

2

"Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Шоқан Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

114

3 %

3

3

"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

98

2%

2


Барлығы

313


8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады