"Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы №26 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 213 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 қыркүйекте № 4745 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27 баптарына сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы №26 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілінде № 4500 болып тіркелген, 2020 жылы 7 ақпанда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген қосымшадағы 3, 4 және 5 жолдар алынып тасталсын.

      2. "Сарысу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Имашев Ерлан Оспанбекұлына жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Жаксылыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады