Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 19.03.2024 № 19-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4634 болып тіркелген, 2020 жылдың 23 маусымында Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларындағы:
10-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, агроөнеркәсіп кешені, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сарысу аудандық | |
мәслихатының сессия төрағасы | Б. Дондаұлы |
Сарысу аудандық | |
мәслихат хатшысы | С. Бегеев |