"Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 қарашадағы № 84-4 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 қарашада № 4811 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4634 болып тіркелген, 2020 жылдың 23 маусымында Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларындағы:

      10-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, агроөнеркәсіп кешені, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сарысу аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы Б. Дондаұлы
      Сарысу аудандық
      мәслихат хатшысы С. Бегеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады