Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Қарағанды қалалық мәслихатының IV сессиясының 2016 жылғы 24 тамыздағы № 40 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3950 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 117 (1678) "Взгляд на события" газетінде, 2016 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | О. Нурказов |
Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы | К. Бексултанов |
Қарағанды қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымы № 525 Шешімге 1-қосымша |
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, пайдалану тәртібі және олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Қарағанды қаласында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:
1) Ленин көшесіндегі Абай ескерткіші алдындағы гүлзар. Шекті толу нормасы - 1000 адам;
2) Ленин кинотеатрының артындағы Ленин көшесіндегі гүлзар. Шекті толу нормасы - 1000 адам;
3) "Жаңа Майқұдық" Мәдениет үйінің артындағы саябақ. Шекті толу нормасы - 2000 адам.
Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс
Қарағанды қаласында шерулер мен демонстрациялардың маршруттары:
Гоголь/Ленин көшелерінің қиылысынан Ленин көшесі бойымен Гагарин алаңына дейін.
2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:
1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;
2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақөзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.
Қарағанды қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 525 шешіміне 2 қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды қалалық мәслихатының 28.02.2024 № 16/133 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Қарағанды қаласының келесі объектілерінде кемінде 800 метр қашықтықта айқындалады:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) темір жол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;
4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде.