Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының 2016 жылғы 24 тамыздағы VI шақырылған IV сессиясының № 40 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 қыркүйекте № 3950 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 525 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 24.06.2020 № 525 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қарағанды қаласы әкімдігінің бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы ұсыныстарын қарап, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы", 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса берілген Қарағанды қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

      2. Қарағанды қалалық мәслихатының III шақырылған LI сессиясының 2007 жылғы 13 шілдедегі № 3 "Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-56 болып тіркелген, 2007 жылғы 18 шілдедегі № 81 (269) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау заңдылық және жергілікті өзін – өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Ивченко Геннадий Иванович) жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г. Ивченко
      Қалалық мәслихат хатшысы Қ. Бексұлтанов

  Қарағанды қалалық мәслихатының
2016 жылғы 24 тамыздағы
№ 40 шешімімен бекітілген

Қарағанды қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу

      1. Осы Қарағанды қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және Қарағанды қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар жүргізу тәртібін қосымша реттейді.

      2. Қарағанды қаласында бейбіт жиналыстар және митингілер өткізу орындары:

      1) "Литейщик" стадионы (Майқұдық);

      2) Қали Байжанов атындағы гүлзар (Узенка);

      3) "Ленин" кинотеатры артындағы гүлзар;

      4) "Дружба" гүлзары (Сортировка);

      5) "Молодежный" Мәдениет Үйі артындағы гүлзар (Пришахтинск).

      3. Бейбіт шерулер және демонстрациялар өткізу үшін маршруттар:

      1) "Ленин" кинотеатры артындағы гүлзар ("Kerama Marazzi" дүкенінен бастап сол дүкенге дейін);

      2) Қали Байжанов атындағы гүлзар, Узенка (Санитарная көшесінен бастап Лиза Чайкина - Медицинская көшелері қиылысына дейін).

      4. Қарағанды қаласының әкімдігі іс-шаралардағы уәкілеттілермен (ұйымдастырушылармен) келісім бойынша қоғамдық тәртіпті, көліктің, мемлекеттік мекемелердің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы қауіпті болдырмау мақсатында, сонымен қатар бұрын немесе бір уақытта берілген өтініштер бойынша іс-шаралардың нысаны, уақыты мен орны сай келген жағдайда өткізу орнын (маршрутты), уақытын өзгертуді қажет болғанда ұсынады.

      5. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген күннінен кемiнде 10 күн бұрын жазбаша нысанда берiледi.

      6. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлеттілердің (ұйымдастырушылардың) және тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген күні көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi қала әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

      7. Осы Тәртіптің 4, 5 тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда өтініш берушіге жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы жауап қайтарылады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның түскен күнiнен бастап есептеледi.

      8. Түсіндіру мазмұнындағы жауапта ұйымдастырушылардың барлық дайындық үрдістерін тоқтатуға және әлеуетті қатысушыларға тиісті түрде хабарлаулары бойынша шара қабылдауға жазбаша түрде көрсетіледі.

      9. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      10. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрацияларды өзге нысанда өткiзуді жалғастыру үшін жергілікті атқарушы органдарынан белгіленген тәртіп бойынша рұқсат алу талап етіледі.

      11. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауы керек.

      12. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға сот әрекет қаблеттілігі жоқ деп таныған тұлғалардың, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі тұлғалардың қатысуына жол бермеуі керек.

      13. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға және басқа да қатысушыларға алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды, олардың балама түрлерін және прекурсорларды қолдануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын, біреудің ар-намысына тиетін, транспаранттарды, ұрандарды қолдануға, сондай-ақ көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.

      14. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) және басқа да қатысушыларға жиналыстарда, митингілерде, шерулерде, пикеттерде, демонстрацияларда жеке басын анықтауға қиындық келтіретін бетперде және басқа да бұйымдарды қолдануға жол берілмейді.

      15. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, өткізу кезінде Қазақстан Республикасын заңнамаларында көзделген тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар қала әкімдігі өкілінің талап етуі бойынша тоқтатылуға тиіс. Бұл ретте уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) барлық дайындалған іс-шаралардың тоқтатылуы бойынша және ол туралы әлеуетті қатысушыларға тиісті хабардар ету бойынша шаралар жүргізулері керек.

      16. Қоғамдық тәртіпті, сонымен қатар пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігі бір күнде, бір уақытта және бір объектіде үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.

      17. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар пикетке қатысушылардың қауіпсіздігі мақсатында түрлі жеке дара пикетке қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасады.

      18. Пикет өткізу кезінде пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға, көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға, пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандарды айтуға, ұран сөздерді (өз дауысының мүмкіндігімен) жол беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады