Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Келесі шешімдер күшін жойған болып танылсын:
1) Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 қарашадағы 35 сессиясының № 35/370 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2869 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 27 желтоқсандағы № 51-52 (4054-4055) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған);
2) Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 қарашадағы 55 сессиясының № 55/586 "Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 қарашадағы 35 сессиясының № 35/370 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5543 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 желтоқсанда ҚР НҚА электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 48 (1008) "Новый вестник" апта сайынғы газетінде жарияланған).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Л. Искакова |
Абай аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Цай |
Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 наурызы № 60/653 Шешіміне қосымша |
Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді және Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (әрі қарай – әлеуметтік қолдау) тәртібін және мөлшерін анықтайды.
2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау және төлеу уәкілетті органмен – "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
2-тарау. Әлеуметтік қолдауды көрсету тәртібі мен мерзімдері
3. Әлеуметтік қолдауды алу үшін кент, ауыл және ауылдық округ әкімдіктері Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарының тізімін, қызметті алушылардан өтініштерін сұратпай келесі құжаттарымен ұсынады:
1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің мөрімен расталған);
2) жұмыс орнынан анықтама (лауазымы көрсетіліп);
3) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат.
4. Әлеуметтік қолдауды көрсетуден бас тартуға негіз болады:
1) 3 тармақта көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;
2) мәліметтердің дұрыс еместігі немесе құжаттардың сәйкессіздігі;
3) бір мекенжай бойынша тіркелген мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының екі немесе одан да көп маманының әлеуметтік қолдауға өтініш беруі.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 24.06.2020 № 65/699 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.5. Мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандары бірнеше қызметтерді қатар атқарған жағдайда, атқаратын бір лауазымы бойынша әлеуметтік қолдау алуға құқылы.
6. Кент, ауыл және ауылдық округ әкімдіктері уәкілетті органға құжаттарды тапсырған уақыттан бастап әлеуметтік қолдау көрсетуге құжаттарды өңдеу мерзімі – 15 күнтізбелік күн.
Уәкілетті орган ағымдағы жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін тізімдер бойынша құжаттарды қабылдауды жүргізеді.
Әлеуметтік қолдауды көрсету нәтижесі – қаржыландыру жоспарына сәйкес жылына бір рет жүргізілетін төлем.
3-тарау. Әлеуметтік қолдауды көрсету мөлшерін белгілеу
7. Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін..
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 29.07.2022 № 27/260 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.