Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 қарашадағы 35 сессиясының № 35/370 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 27 қарашадағы № 55/586 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қарашада № 5543 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 60/653 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 12.03.2020 № 60/653 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 қарашадағы 35 сессиясының № 35/370 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2869 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсандағы № 51-52 (4054-4055) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде, 2015 жылғы 8 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгерту енгізілсін:

      1 тармақ жаңа редакцияда келесі мазмұнда баяндалсын:

      "1. Ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Ыбышев
      Абай аудандық мәслихатының хатшысы Б. Цай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады