Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 12.03.2020 № 60/653 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 08 шілдедегі " Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 27.11.2019 № 55/586 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешім оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Бахраева |
Абай аудандық | |
мәслихатының | |
хатшысы | Б. Цай |
"КЕЛІСІЛДІ":
"Абай ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
З. Шәкентаев
19.11.2014
"Абай ауданының экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Ж. Жиенбаева
19.11.2014