Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 01.02.2021 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік нысанына және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға жұмыс орындары квотасы белгіленсін:
1) 1-қосымшаға сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерде;
2) 2-қосымшаға сәйкес пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерде.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қанат Шубайұлы Қожықаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңаарқа ауданының әкімі | Ю. Беккожин |
Жаңаарқа ауданының әкімі 2020 жылғы 4 ақпаны № 10/01 Қаулысына 1-қосымша/ |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Зергер СБ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 85 | 1 | 1 |
2. | "Самға 2050" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 1 | 1 |
3. | "Жаңаарқа-жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 194 | 1 | 2 |
Жаңаарқа ауданының әкімі 2020 жылғы 4 ақпаны № 10/01 қаулысына 2- қосымша |
Пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | Пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Тазасу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 78 | 1 | 1 |
2. | "Жаңаарқа-жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 194 | 1 | 2 |
3. | "Зергер СБ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 85 | 1 | 1 |
4. | "Самға 2050" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 1 | 1 |