Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 10/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 ақпанда № 5701 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № 08/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 01.02.2021 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меншік нысанына және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға жұмыс орындары квотасы белгіленсін:

      1) 1-қосымшаға сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерде;

      2) 2-қосымшаға сәйкес пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерде.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қанат Шубайұлы Қожықаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаарқа ауданының әкімі Ю. Беккожин

  Жаңаарқа ауданының
әкімі
2020 жылғы 4 ақпаны
№ 10/01
Қаулысына 1-қосымша/

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Зергер СБ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

85

1

1

2.

"Самға 2050" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

1

1

3.

"Жаңаарқа-жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

194

1

2

  Жаңаарқа ауданының
әкімі
2020 жылғы 4 ақпаны
№ 10/01
қаулысына 2- қосымша

Пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Тазасу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

78

1

1

2.

"Жаңаарқа-жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

194

1

2

3.

"Зергер СБ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

85

1

1

4.

"Самға 2050" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады