Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 10/01 "Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № 08/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 3 ақпанда № 6175 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 10/01 "Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5701 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылдың 7 ақпанында, "Жаңаарқа" газетінің № 14 (9961) санында 2020 жылы 22 ақпанында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаарқа ауданының әкімі Ю. Беккожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады