Нұра ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 468 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 тамызда № 6001 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Нұра аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 458 "Нұра ауданында бейбiт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3730 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірдегі № 13 (5451) "Нұра" газетінде, 2016 жылғы 8 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Шайхин
      Нұра аудандық мәслихатының хатшысы Т. Оспанов

  Нұра аудандық
  мәслихатының
  2020 жылғы 30 шілдесі
  № 468
  шешіміне 1-қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, пайдалану тәртібі және олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Нұра ауданында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:

      1) Нұра кенті: С. Сейфуллин көшесіндегі К. Мыңбаевтың ескерткіш мүсіні орналасқан алаңы. Шекті толу нормасы - 300 адам;

      2) Нұра кенті: Абай көшесі, 24 А "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Нұра ауданының бөлімі" орналасқан ғимараты алдындағы алаң. Шекті толу нормасы - 300 адам.

      Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс.

      Нұра ауданында шерулер мен демонстрациялардың маршруттары:

      1) Нұра кенті: С. Сейфуллин көшесі бойымен, К. Мыңбаев/С. Сейфуллин көшелерінің қиылысынан бастап Қонаев/С. Сейфуллин көшелерінің қиылысына дейін;

      2) Нұра кенті: Абай көшесі бойымен, Бейбітшілік/Абай көшелерінің қиылысынан бастап С. Сейфуллин/Абай көшелерінің қиылысына дейін.

      2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:

      1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;

      2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.

  Нұра аудандық мәслихатының
2020 жылғы 30 шілдедегі
№ 468
шешіміне 2 қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 29.03.2024 № 81 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Пикеттеуді. жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Нұра ауданының келесі объектілерінен 800 метр қашықтықта айқындалады:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.


О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Нуринского района

Решение Нуринского районного маслихата Карагандинской области от 30 июля 2020 года № 468. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 5 августа 2020 года № 6001.

      В соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" Нуринский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок их использования для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, требования к материально – техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Определить границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Признать утратившим силу решение Нуринского районного маслихата от 18 февраля 2016 года № 458 "О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Нуринском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3730, опубликовано в газете "Нұра" № 13 (5451) от 2 апреля 2016 года, информационно-правовой системе "Әділет" 8 апреля 2016 года).

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Т. Шайхин
      Секретарь Нуринского районного маслихата Т. Оспанов

  Приложение 1 к решению
  Нуринского районного
  маслихата
  от 30 июля 2020 года
  № 468

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок использования и нормы их предельной заполняемости, требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест

      1. Определить специализированные места и нормы их предельной заполняемости для организации и проведения мирных собраний в Нуринском районе:

      1) поселок Нура: площадь, где установлен бюст К. Мынбаеву на улице С. Сейфуллина. Норма предельной заполняемости - 300 человек;

      2) поселок Нура: площадь перед зданием "Отдел Нуринского района по социальному обеспечению филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Карагандинской области", улица Абая, 24 А. Норма предельной заполняемости - 300 человек.

      В условиях сумерек специализированные места для проведения мирных собраний должны быть обеспечены освещением.

      Маршруты шествий и демонстраций в Нуринском районе:

      1) поселок Нура: по улице С. Сейфуллина, начиная от пересечении улиц К. Мынбаева/С. Сейфуллина до пересечении улиц Кунаева/С. Сейфуллина;

      2) поселок Нура: по улице Абая, начиная от пересечении улиц Бейбітшілік/Абая до пересечении улиц С. Сейфуллина/Абая.

      2. Специализированные места для проведения мирных собраний организатором и его участниками используются в следующем порядке:

      1) находятся на территории специализированного места в течение времени, указанного в уведомлении;

      2) обеспечивают сохранность зданий, сооружений, малых архитектурных форм, зеленых насаждений, а также иного имущества;

      3) соблюдают санитарные нормы и правила техники безопасности, законодательство Республики Казахстан по соблюдению общественного правопорядка.

  Приложение 2 к решению
Нуринского
районного маслихата
от 30 июля 2020 года
№ 468

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      Сноска. Приложение 2 – в редакции решения Нуринского районного маслихата Карагандинской области от 29.03.2024 № 81 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования определяются на расстоянии 800 метров на следующих объектах Нуринского района:

      1) мест массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.