Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Нұра аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 468 "Нұра ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6001 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұра аудандық мәслихатының төрағасы | К. Жунусбеков |
Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 81 шешіміне қосымша |
|
Нұра аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 468 шешіміне 2 қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
1. Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Нұра ауданының келесі объектілерінен 800 метр қашықтықта айқындалады:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.