Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 347-62/5 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 маусымда № 7542 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыптың орыс тіліндегі нұсқасына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - Қызылорда қалалық мәслихатының 08.10.2024 № 195-27/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8-бабы, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормалары, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Қызылорда қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 1 ақпандағы № 53/2 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5378 нөмірімен тіркелген, "Ақмешiт ақшамы" 2016 жылғы 16 наурыздағы № 23-24, "Кызылорда таймс" 2016 жылғы 22 наурыздағы № 13 газеттерiнде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 04 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті ХХХХХХІІ сессиясының төрағасы Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Р. БУХАНОВА

  Қызылорда қалалық мәслихатының
  2020 жылғы 24 маусымы
  № 347-62/5 шешіміне қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормалары, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары

      1. Қызылорда қаласы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мынадай арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары айқындалсын:

      1) жиналыстар, митингілер ұйымдастыру және өткізу үшін:

      Б.Шөкенов атындағы саябақ (Қызылорда қаласы, А.Тоқмағамбетов көшесі №9 үй), шекті толу нормасы - 200 адам;

      облыстық филармония аумағындағы "Темір жол" саябағы (Қызылорда қаласы, Е.Әуелбеков көшесі, №41 үй), шекті толу нормасы - 250 адам;

      саябақ (Қызылорда қаласы, Қорқыт ата және Қ.Яссауи көшелерінің қиылысы), шекті толу нормасы - 100 адам;

      2) демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу үшін:

      Жеңіс көшесі бойынша: Р.Бағланова көшесінен Астана даңғылына дейін - 1 километр, шекті толу нормасы - 150 адам.

      Бейбіт жиналыстарға қатысушылардың болжамды саны бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормаларынан асып кетпеуі тиіс.

      3) Қызылорда қаласына қарасты елді мекендерде бейбіт жиналыстар, митингілер өткізу үшін:

      Тасбөгет кентiндегі "Тасбөгет" саябағы (Ш.Есенов көшесі, нөмірсіз), шекті толу нормасы - 70 адам;

      Белкөл кентіндегі "Тағзым" алаңы (Т.Абуов көшесі, №37 үй), шекті толу нормасы - 50 адам;

      Қызылжарма ауылдық округіндегі "Тағзым" алаңы (Қ.Сексенбаев көшесі нөмірсіз), шекті толу нормасы - 50 адам;

      Талсуат ауылдық округіндегі клуб ғимаратының алаңы (А.Құнанбаев көшесі №17 үй), шекті толу нормасы - 50 адам;

      Қызылөзек ауылдық округіндегі клуб ғимаратының алаңы (Абылайхан көшесі, №30 үй), шекті толу нормасы - 50 адам;

      Ақсуат ауылдық округінің Ж.Маханбетов ауылындағы орталық алаңы (А.Найзағараев көшесі нөмірсіз), шекті толу нормасы - 50 адам;

      Ақжарма ауылдық округінің Баймұрат Батыр ауылындағы орталық алаңы (Н.Тасымов көшесі нөмірсіз), шекті толу нормасы - 50 адам;

      Қарауылтөбе ауылдық округіндегі "Тағзым" алаңы (Абай көшесі нөмірсіз), шекті толу нормасы - 50 адам;

      Қосшыңырау ауылдық округінің Абай ауылындағы клуб ғимаратының алаңы (Бейбітшілік көшесі, №12 үй), шекті толу нормасы - 50 адам.

      2. Алынып тасталды - Қызылорда қалалық мәслихатының 08.10.2024 № 195-27/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Алынып тасталды - Қызылорда қалалық мәслихатының 08.10.2024 № 195-27/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      4. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды. Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде, дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.

      5. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін Қызылорда қаласының әкімдігі бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      6. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде, дәл сол бір уақытта, дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      7. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда тазалықты сақтауы және тәртіпті қолдауы, қалалар мен елді-мекендердің абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулеттік нысандар, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермеуі, сонымен қатар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 2-тармағы және 6-бабының 2-тармағында белгіленген міндеттерді сақтауы тиіс.

      8. Ішкі істер органдары өзінің құзыреті шегінде бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп сақтауды, адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауды, жол қозғалысын реттеуді, өрт қауіпсіздігін, жаппай тәртіпсіздіктің және топтасып бағынбаушылықтың жолын кесуді қамтамасыз етеді.

      9. Денсаулық сақтау ұйымдары өзінің құзыреті шегінде бейбіт жиналыстарды өткізу кезіндегі науқастарды қабылдауды және медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады.

      10. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға және қатысушыларға мыналарға тыйым салынады:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, жаппай тәртіпсіздіктерге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға үндеуге, билікті басып алуға немесе ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге насихаттауға немесе жария үндеуге;

      2) көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуіне, жасыл екпелер мен шағын сәулет нысандарының, өзге де мүліктің сақталуына бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін әрекеттер жасауға;

      3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін орындауы кезінде олардың қызметіне кедергі келтіруге;

      4) өзімен бірге суық, атыс қаруын және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық нұқсан келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген нәрселерді (заттарды, бұйымдарды) алып жүруге;

      5) алкоголь өнімін, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді таратумен және (немесе) тұтынумен айналысуға, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуға;

      6) денсаулықты сақтауға арналған жеке қорғаныш құралдарын қоспағанда, бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті және (немесе) өзге де заттарды пайдалануға;

      7) және жасағаны үшін жауапкершілігі қолданыстағы заңнамаларда белгіленген өзге де құқыққа қарсы әрекеттер.

      11. Бейбіт жиналыстарды тоқтату үшін мыналар негіздер болып табылады:

      1) азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық тәртіпке және (немесе) қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатердің төнуі, мүлікке, оның ішінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынның шекті толу нормасынан асып түсу салдарынан нұқсан келтіру;

      2) әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыру, Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің басқа да ережелерін бұзуға үндеулер;

      3) бейбіт жиналыстарды өткізу нысанын өзгерту;

      4) Заңның 17-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайлар басталғанда;

      5) ұйымдастырушының бейбіт жиналыс өткізуден бас тартуы;

      6) бейбіт жиналыс өткізу уақытының өтуі.

      Қызылорда қаласы әкімдігінің өкілі бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан не оларға қатысушылардан бейбіт жиналыстарды өз еркімен тоқтатуды талап етеді және бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы талапты орындау үшін уақыт белгілейді.

      Бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы талап орындалмаған жағдайда ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейбіт жиналыстарды мәжбүрлеп тоқтату жөнінде қажетті шараларды қолданады.

      12. Мемлекеттік органдардың, Қызылорда қаласы әкімдігінің, олардың лауазымды адамдарының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      13. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мүмкіндігіне қарай сыртқы электрлік жарықтандыру қондырғылармен, электр желілеріне қосылатын нүктелермен, қоқысқа арналған құтылармен, ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйелерімен қамтылуы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтерге сәйкес абаттандырылған болуы қажет.

      14. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      15. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізу үшін арнайы орындарда жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың, қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлғаның, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қаржыландыруына тыйым салынады.

      16. Қызылорда қаласы әкімдігінің келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.

4. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      17. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары мынадай болып айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындарына іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің резиденцияларына іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      6) магистральдық теміржол желілеріне, магистральдық құбыржолдарға, ұлттық электр желісіне, магистральдық байланыс желілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр.

      Ескерту. 17-тармақ - Қызылорда қалалық мәслихатының 08.10.2024 № 195-27/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования и норм их предельной заполняемости, требований к материально-техническому и организационному обеспечению, а также границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

Решение Кызылординского городского маслихата от 24 июня 2020 года № 347-62/5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 26 июня 2020 года № 7542.

      Сноска. Заголовок - в редакции решения Кызылординского городского маслихата от 08.10.2024 № 195-27/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктами 1) и 2) пункта 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" Кызылординский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок их использования и нормы их предельной заполняемости, требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, а также границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Кызылординского городского маслихата от 1 февраля 2016 года № 53/2 "Об утверждении правил проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории города Кызылорда" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5378, опубликовано в газетах от 16 марта 2016 года № 23-24 "Ақмешіт ақшамы", от 22 марта 2016 года № 13 "Кызылорда таймс", от 04 мая 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель очередной ХХХХХХІІ сессии Кызылординского городского маслихата Секретарь Кызылординского городского маслихата Р. БУХАНОВА

  Приложение к решению
  Кызылординского городского маслихата
  от 24 июня 2020 года № 347-62/5

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок их использования и нормы их предельной заполняемости, требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, а также границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

1. Специализированные места для организации и проведения мирных собраний и нормы их предельной заполняемости

      1. Определить следующие специализированные места для организации и проведения мирных собраний и нормы их предельной заполняемости на территории города Кызылорда:

      1) для организации и проведения собраний, митингов:

      парк имени Б.Шукенова (город Кызылорда, улица А.Токмагамбетова дом №9), норма предельной заполняемости - 200 человек;

      парк "Темір жол" территория областного филармонии (город Кызылорда, улица Е.Ауелбекова дом №41), норма предельной заполняемости - 250 человек;

      парк (город Кызылорда, пересечения улиц Коркыт ата и Яссауи), норма предельной заполняемости - 100 человек;

      2) для организации и проведения демонстраций, шествий:

      по улице Женис: от улицы Р.Багланова до проспекта Астана, норма предельной заполняемости - 1 километр, норма предельной заполняемости - 150 человек.

      Предполагаемое количество участников мирных собраний не должны превышать нормы предельной заполняемости специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      3) для проведения мирных собраний, митингов в населенных пунктах города Кызылорды:

      парк "Тасбогет" поселка Тасбогет (улица Ш.Есенова, без номера), норма предельной заполняемости - 70 человек;

      площадь "Тағзым" поселка Белкуль (улица Т.Абуова, дом №37), норма предельной заполняемости - 50 человек;

      площадь "Тағзым" сельского округа Кызылжарма, (улица К.Сексенбаева без номера), норма предельной заполняемости - 50 человек;

      площадь здания клуба сельского округа Талсуат (улица А.Кунанбаева дом №17), норма предельной заполняемости - 50 человек;

      площадь здания клуба сельского округа Кызылозек (улица Абылайхана, дом №30), норма предельной заполняемости - 50 человек;

      центральная площадь села Ж.Маханбетова сельского округа Аксуат (улица С.Найзагараев без номера), норма предельной заполняемости - 50 человек;

      центральная площадь села Баймурат Батыра сельского округа Акжарма (улица Н.Тасымова без номера), норма предельной заполняемости - 50 человек;

      площадь "Тағзым" сельского округа Карауылтобе (улица Абая, без номера), норма предельной заполняемости - 50 человек;

      площадь здания клуба села Абая сельского округа Косшынырау (улица Бейбитшилик, дом №12), норма предельной заполняемости - 50 человек.

      2. Исключен решением Кызылординского городского маслихата от 08.10.2024 № 195-27/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      3. Исключен решением Кызылординского городского маслихата от 08.10.2024 № 195-27/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).

2. Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний

      4. Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени в день проведения мирных собраний. Продолжительность пикетирования не должна превышать 2 часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      5. В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется акиматом города Кызылорда исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      6. Не допускается проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      7. Организаторы и участники мирных собраний на специализированных местах для организации и проведения мирных собраний должны соблюдать чистоту и поддерживать порядок, не допускать повреждения и разрушения элементов благоустройства (дорог, тротуаров, газонов, малых архитектурных форм, освещения, водоотвода) городов и населенных пунктов, а также обязанности, указанные в пункте 2 статьи 5 и пункте 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее - Закон).

      8. Органы внутренних дел в пределах своей компетенции обеспечивают при проведении мирных собраний защиту жизни, здоровья, прав и свобод человека и гражданина от противоправных посягательств, охрану общественного порядка, регулирование дорожного движения, пожарную безопасность, пресечение массовых беспорядков и групповых неповиновений.

      9. Организации здравоохранения в пределах своей компетенции осуществляет при проведении мирных собраний прием больных и оказание медицинской помощи.

      10. Организатору и участникам мирных собраний запрещаются следующие действия:

      1) призывать к нарушению Конституции Республики Казахстан, законов и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан, массовым беспорядкам, разжиганию социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни, пропагандировать или публично призывать к захвату или удержанию власти, насильственному изменению конституционного строя Республики Казахстан;

      2) совершать действия, которые создают помехи для бесперебойного функционирования транспорта, объектов инфраструктуры, сохранности зеленых насаждений и малых архитектурных форм, иного имущества, а также препятствуют свободному передвижению граждан, не участвующих в мирных собраниях;

      3) препятствовать деятельности государственных органов, организаций, должностных лиц при выполнении ими комплекса мер по защите жизни, здоровья, прав и свобод человека и гражданина, интересов общества и государства, охране общественного порядка и обеспечению общественной безопасности при проведении мирных собраний;

      4) иметь при себе холодное, огнестрельное и иное оружие, а также специально подготовленные или приспособленные предметы (вещества, изделия), которые могут быть использованы против жизни и здоровья людей, для причинения материального ущерба гражданам и собственности юридических лиц;

      5) заниматься распространением и (или) потреблением алкогольной продукции, наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов, а также находиться в состоянии алкогольного, наркотического и (или) токсикоманического опьянения;

      6) использовать предметы одежды и (или) иные средства, препятствующие распознаванию лица, за исключением средств индивидуальной защиты, направленных на охрану здоровья;

      7) другие противоправные действия, за совершение которых предусмотрена установленная действующим законодательством ответственность.

      11. Основаниями для прекращения мирных собраний являются:

      1) создание реальной угрозы жизни и здоровью граждан, общественному порядку и (или) общественной безопасности, причинение ущерба имуществу, в том числе в результате превышения нормы предельной заполняемости специализированного места для организации и проведения мирных собраний;

      2) разжигание социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни, призывы к насильственному свержению конституционного строя Республики Казахстан, посягательству на территориальную целостность Республики Казахстан, а также нарушение других положений Конституции Республики Казахстан, законов и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) изменение формы проведения мирных собраний;

      4) наступление случаев, указанных в пункте 3 статьи 17 Закона;

      5) отказ организатора от проведения мирного собрания;

      6) истечение времени проведения мирного собрания.

      Представитель акимата города Кызылорда в случае принятия решения о прекращении мирных собраний требует от организатора либо участников мирных собраний добровольно прекратить мирные собрания и устанавливает время для выполнения требования о прекращении мирных собраний.

      В случае невыполнения требования о прекращении мирных собраний сотрудники органов внутренних дел принимают необходимые меры по принудительному прекращению мирных собраний в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Решения и действия (бездействие) государственных органов, акимата города Кызылорда, их должностных лиц могут быть обжалованы в порядке, установленном законами Республики Казахстан.

3. Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний

      13. Специализированные места для организации и проведения мирных собраний по возможности должны быть обеспечены установками наружного электрического освещения, точками подключения к электрическим сетям, урнами для мусора, системами видеонаблюдения подключенных к Центрам оперативного управления органов внутренних дел, а также, благоустроенными территориями в соответствии с нормативами в области архитектуры, градостроительства и строительства.

      14. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний, если настоящим Законом и иными законами Республики Казахстан не установлено иное.

      15. Запрещается финансирование организации и проведения мирных собраний физическими лицами и (или) юридическими лицами, включенными в перечень организаций и лиц, связанных с финансированием распространения оружия массового уничтожения, и (или) в перечень организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма, юридическим лицом, деятельность которого приостановлена или запрещена в установленном законом Республики Казахстан порядке, иностранцами, лицами без гражданства и иностранными юридическими лицами.

      16. Запрещается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний без согласия акимата города Кызылорда.

4. Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      17. Определить следующие границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования:

      1) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к местам массовых захоронений;

      2) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к объектам железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта;

      3) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) в 800 метрах от границ территорий, прилегающих к резиденциям Президента Республики Казахстан;

      5) в 800 метрах от границ территорий, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      6) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к магистральным железнодорожным сетям, магистральным трубопроводам, национальной электрической сети, магистральным линиям связи.

      Сноска. Пункт 17 - в редакции решения Кызылординского городского маслихата от 08.10.2024 № 195-27/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).