"Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 347-62/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 8 қазандағы № 196-27/5 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 15 қазанда № 8556-11 болып тіркелді

      Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 347-62/5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7542 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыптың орыс тіліндегі нұсқасына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      2 және 3-тармақтар алынып тасталсын;

      17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары мынадай болып айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындарына іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің резиденцияларына іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      6) магистральдық теміржол желілеріне, магистральдық құбыржолдарға, ұлттық электр желісіне, магистральдық байланыс желілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы И. Кутухуджаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады