Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Құмжиек ауылдық округі әкімінің 28.05.2020 № 33 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңынның 26-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлiгiнің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 21 ақпандағы №07-09-86 ұсынысы негізінде, Құмжиек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Құмжиек ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 16 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7259 болып тіркелген, 2020 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құмжиек ауылдық округi Тапа елді мекенінің Картел учаскесінде түйеде құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.".
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Б. Баймаханов |