"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2020 жылғы 26 мамырдағы №7-09-218 ұсынысы негізінде, Құмжиек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құмжиек ауылдық округi Тапа елді мекенінің Картел учаскесінде түйеде құтырық ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу iс-шаралары тоқтатылсын
2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Құмжиек ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 16 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7259 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Құмжиек ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 ақпандағы №16 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Құмжиек ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 ақпандағы № 17 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7262 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Б. Баймаханов |