"Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Құмжиек ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 ақпандағы №16 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Құмжиек ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 ақпандағы № 17 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 ақпанда № 7262 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Құмжиек ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 33 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Құмжиек ауылдық округі әкімінің 28.05.2020 № 33 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңынның 26-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлiгiнің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 21 ақпандағы №07-09-86 ұсынысы негізінде, Құмжиек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Құмжиек ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 16 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7259 болып тіркелген, 2020 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құмжиек ауылдық округi Тапа елді мекенінің Картел учаскесінде түйеде құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.".

      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Б. Баймаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады